Froggy Jumps Оқу үдерісінің заңдылықтары, қағидалары, құрылымы, Блум таксономиясы бойынша оқыту деңгейлері.Version en ligne Оқу үдерісінің заңдылықтары, қағидалары, құрылымы, Блум таксономиясы бойынша оқыту деңгейлері. par Gulzat Zhasulanova 1 Оқу үдерісінің қай заңдылығы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді талап етеді? a Әлеуметтік шарттылық b Даралап оқыту c Саналылық пен белсенділік 2 Оқыту қағидаларының қайсысы оқушылардың алған білімін нақты өмірде қолдануын талап етеді? a Жүйелілік b Көрнекілік c Теория мен практиканың байланысы 3 Кері байланыс қандай мақсатта қолданылады? a Оқытудың нәтижелерін талдау және түзету b Білім алушыларды бағалау c Оқу мазмұнын анықтау 4 Блум таксономиясының “түсіну” деңгейіне жататын тапсырманы таңдаңыз a Оқылған мәтіннің негізгі идеясын өз сөзіңмен баяндау b Нақты деректерді жаттау c Теориялық ақпаратты есте сақтау 5 Оқытудың жүйелілік қағидасы нені білдіреді? a Оқушыларға таңдау еркіндігін беру керек b Оқу материалы біртіндеп, логикалық ретпен берілуі тиіс c Оқыту барысында тек бір әдіс қолданылуы тиіс 6 Оқытудың құрылымдық элементтеріне қайсысы жатпайды? a Білімді игеру деңгейі b Оқыту мазмұны c Оқытудың мақсаты 7 Белсенділік қағидасы нені білдіреді? a Мұғалімнің сабақта басты рөл атқаруын b Сабақтың қатаң жоспар бойынша жүруін c Оқушылардың өз бетімен білім алуға ұмтылуын 8 Блум таксономиясындағы “Қолдану” деңгейіндегі тапсырма қандай болады? a Күрделі сұрақтарға жауап беру b Алынған білімді жаңа жағдайда пайдалану c Берілген тақырып бойынша өз ойыңды жаз 9 Түсініктілік қағидасына сәйкес оқу материалы қалай берілуі керек? a Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек b Күрделі ақпарат бірінші берілуі керек c Абстрактілі ұғымдар ғана қолданылуы керек 10 Оқытудың тиімді болуы үшін оқу материалы қалай құрылуы керек? a Барлық білім алушыларға бірдей әдіс қолданылуы керек b Өзін-өзі бағалау мүмкіндігін қарастыру керек c Кезең-кезеңмен, қарапайымнан күрделіге қарай ұйымдастырылуы керек 11 Блум таксономиясының ең төменгі деңгейі қандай? a Білу b Қолдану c Бағалау 12 Білім алушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең тиімді әдісті көрсетіңіз. a Жобалық оқыту b Ойын әдісі c Дәріс оқу 13 Блум таксономиясында “жинақтау” деңгейіне сәйкес келетін тапсырманы таңдаңыз. a Берілген тақырыпты сипаттау b Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарына жауап беру c Теорияны негізге ала отырып, жаңа модель немесе жоба ұсыну 14 Білімнің функционалдығы оқу үдерісінің қай заңдылығымен байланысты? a Оқытудың өмірмен байланысы b Саналылық пен белсенділік c Даралап оқыту 15 Блум таксономиясының “бағалау” деңгейіне сәйкес келетін тапсырманы анықтаңыз. a Берілген модельдің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, қорытынды жасау b Алгоритм бойынша есеп шығару c Мәтіндегі негізгі ойды анықтау 16 Оқу үдерісінің негізгі құрылымдық кезеңдеріне қайсысы жатпайды? a Оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау b Оқу материалының мазмұнын меңгеру c Оқушының қызығушылығын ояту