Математика викторинаVersion en ligne Ответьте на вопросы о математике и проверьте свои знания! par Айым Даниярова 1 Моторлы қайық өзен ағысымен төмен қарай 14 км өтті, содан кейін ағысқа қарсы 9 км өтіп, барлық жолға 5 сағат жұмсады. Егер тынық судағы моторлы қайықтың жылдамдығы 5 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз. a 2 км/сағ b 3 км/сағ c 10 км/сағ d 12 км/сағ 2 Катер өзен ағысы бойымен жолға 3 сағат жұмсады, ал қайтар жолға 4,5 сағат жұмсады. Егер суға қатысты катердің жылдамдығы 25 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай? a 3,3 км/сағ b 5 км/сағ c 6 км/сағ d 10 км/сағ 3 Қайықшы ағысқа қарсы жүргендегіден өзен ағысымен 16 км қашықтықты 6 сағат жылдам өтеді. Өзен ағысының жылдамдығына қарағанда, тынық судағы қайықтың жылдамдығы 2 км/сағ артық. Тынық судағы қайықтың жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын анықтаңыз. a 5 км/сағ; 2 км/сағ b 3 км/сағ; 5 км/сағ c 2 км/сағ; 5 км/сағ d 5 км/сағ; 3 км/сағ 4 Бір-бірінен 4 км қашықтықта болған екі велосипедші бір мезгілде бір бағытта жүріп кетті. Біріншісі 18 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі оның соңынан 20 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Неше сағаттан кейін екінші велосипедші біріншісін қуып жетеді? a екінші велосипедші біріншіні 2.5 сағаттан кейін қуып жетеді. b екінші велосипедші біріншіні 5 сағаттан кейін қуып жетеді. c екінші велосипедші біріншіні 2 сағаттан кейін қуып жетеді. d екінші велосипедші біріншіні 3 сағаттан кейін қуып жетеді. 5 Екі жерден екі велосипедші бір бағытта жолға шықты. Екіншісі біріншісін 2 сағаттан кейін қуып жетті. Егер біріншісінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал екіншісінікі 20 км/сағ болса, олардың арақашықтықтары қандай болған? a 4 км b 8 км c 12 км d 2 км 6 Бір-бірінен 4 км қашықтықта болған екі велосипедші бір мезгілде бір бағытта жүріп кетті. . Екіншісі біріншісін 2 сағаттан кейін қуып жетті. Егер екіншісінің жылдамдығы 20 км/сағ болса, біріншісінің жылдамдығы қандай? a 19 км/сағ b 18 км/сағ c 20 км/сағ d 21 км/сағ 7 Арасы 2 км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта екі жолаушы шықты. Біріншісі 6 км/сағ, ал оның артынан келе жатқан екіншісі 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін жолаушылардың арақашықтығы қандай болады? a 6 км b 9 км c 7 км d 8 км 8 Болат пен Жарқын бір уақытта үйлерінен шығып, стадионға бет алды. Олардың үйлерінің арасы 200 метр. Болат Жарқынға қарағанда алыс тұрады,оның жылдамдығы 175м/мин.Жарқынның жылдамдығы 75м/мин. Болат Жарқынды қанша уақыттан кейін қуып жетеді? a 4 минут b 2 минут c 2 сағат d 4 сағат 9 Бірінші кемежайдан екіншіге қарай 12 км/сағ жылдамдықпен қайық бағыт алды, ал одан кейін жарты сағаттан соң тура сол бағытпен жылдамдығы 20 км/сағ пароход шықты. Егер пароход қайыққа қарағанда 1,5 сағат ерте келген болса, кемежайлар арасы қанша километр екенін табыңыз. a 60 км/сағ b 50км/сағ c 60 км d 50 км 10 Өзен бойындағы екі кемежайдың арасы 80 км. Қайық барып-қайтқанға 8 сағат 20 минут уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығын 4 км/сағ, тынық судағы қайықтың жылдамдығын анықтаңыз. a 20 км/сағ b 30км/сағ c 21 км d 21 км/сағ